- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек
Н.Назарбаев: Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек
Мәжіліске сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов және Ұлттық экономика министрі Е.Досаев қатысты.
Іс-шара барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы мәжіліске қатысушылардың назарын әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс ықпалдарына аударды.
«Нарықтағы конъюктураның нашарлауына, ел бюджетінің ахуалына, сондай-ақ біздің негізгі экспорттық тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланысты жалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет. Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру керек. Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқынын төмендетуге және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуге тиіспіз. Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары