- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-ның әкімі Петропавлдағы бабақшалар мен тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты
СҚО-ның әкімі Петропавлдағы бабақшалар мен тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты
Жұмысшылар ауылында 320 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесін мемлекеттік-жеке серіктестік аясында «Севказэнерго» акционерлік қоғамының өкілдері салуда. Құрылысқа 70 адам жұмылдырылған, тамыз айынан бастап, инженерлік желілер салынып, тамыздың соңына дейін қабырғалары қаланатын болады.
СҚО-ның әкімі құрылыс қарқынын белсендендіруді тапсырды. «Қыркүйек айының соңында кең ауқымды құрылысқа көшіп, қосымша желілерді отырғыза беру керек. 15-қыркүйек пен 15-қазан аралығында абаттандырумен байланысты жұмыстарды атқарылуы тиіс»,-деді ол.
Алматы көшесінде орналасқан тағы бір құрылыс алаңында 280 орындық балабақша салынуда. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының қарқыны жаман емес екендігін, алайда инженерлік желілерді отырғызу жұмыстарына тиісті көңіл бөліп, қыркүйек пен қазан айлары аралығында абаттандырумен айналысу қажеттігін ескертті.
Е.Сұлтанов 200 орындық балабақша салып жатқан «Петрострой-Люкс» компаниясының жұмысын жақсы бағалады. Бүгінде онда кәріз жүйелері мен су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталып, жылу желілері орнатылуда. Бұл көшеде 65 сәбиді қабылдай алатын «Баларман» деген атаумен тағы бір балабақша пайда болады. Қазіргі таңда ғимаратты жөндеу жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр, ішкі жөнду жұмыстары аяқталып, жерасты жолдарына қатысты шаралар атқарылуда.
Аймақ басшысы солтүстікқазақстандықтарға арнап салынған тұрғын үйлердің барысымен де танысты. «Юбилейный шағын ауданында «Қазақстан несие компаниясы» желісімен 126 және 72 пәтерлік екі көпқабатты үй бой көтеретін болады. Береке шағын ауданында 55, 70, 90 және 93 пәтерлік бірнеше көпқабатты үй тұрғызылады. Ал Петропавл қаласында жас отбасылар үшін екі жатақхана тұрғызылады»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді