Павлодарда Достық үйінің 5 жылдығы аталып өтті

23 Қазан, 2013 10:23
Павлодарда Достық үйінің 5 жылдыық мерей тойына орайластырылған «Достық үйі достарын шақырады» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Салынғаннан бері бұл Достық үйі ресми мемлекеттік шаралар, форумдар, кездесулер, конференциялар, аймақтық және республикалық дәрежедегі концерттер өткізілетін орынға айналды. Оған қоса, Елбасымыз Достық үйлерінің мемлекет ішіндегі конфессияаралық достастықтығын  қалыптастырудағы үлкен рөлін атайды», - дейді Павлодар облысы әкімі Е.Арын.

Хабарламада айтылғандай, мерей той мерекесінде облыс әкімі Достық үйінің үздік қызметкерлерін «Облысқа аянбай қызмет еткені үшін» белгісімен және алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапаттады. 

Барлық жаңалықтар