• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР құқық қорғау органдарын қалыптастыру мәселелеріне арналған интернет-сайт іске қосылды

ҚР құқық қорғау органдарын қалыптастыру мәселелеріне арналған интернет-сайт іске қосылды

3 Тамыз, 2015 15:07
Бүгінде Қазақстанда «Құқық қорғау органдарына реформалау» атты сайт іске қосылды. Онда еліміздің кез-келген азаматы елде құқық қорғау саласына қатысты жүргізіліп жатқан реформалар мен заңнамаларға өздерінің ұсыныстарын қалдыра алады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Айта кететін мәселе, (www.rpo.kz) интернет алаңын құрудағы басты мақсат - тұрғындарды құқық қорғау саласын жаңғырту ісіне тарту, еліміздің құқық қорғау жүйесінің сапалық жағынан жақсаруына бей-жай қарамайтын барлық азаматтармен диалог орнату.   

«Сайтқа кірушілерге қолайлы болу үшін онда үш бөлім жасалған. Оның біріншісі құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты реформалар бойынша ақыл-кеңестер қабылдау бөлімі. Екінші бөлімде елдің заңнамаларын өзгертуге қатысты ұсыныс-пікірлерді білдіруге болады. Үшінші бөлімде халықаралық талаптар негізінде құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғыртуға қатысты ұсыныстар талқыланады»,-делінген хабарламада.

Бұған қоса, сайтпен жұмыс істеу тәртібі толықтай көрсетілген, ол бойынша кез-келген азамат өзінің тақырыбын ашып, болмаса бұрын ашылған тақырыпқа рікі білдіре алады.      

 

 

 

Барлық жаңалықтар