• Басты
  • ҚХА: «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды

ҚХА: «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды

3 Тамыз, 2015 12:59
«Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды, деді ОКҚ брифингінде ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік келісімнің директоры Наталья Калашникова.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам аясында Елбасының тағы бір тапсырмасы – этномәдени ұйымдардың жалпымемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға тапсыру.Алматыдағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен  кездесуде біз этномәдени ұйымдардың осы жобаны жүзеге асырудағы рөлі мен маңызын талқыладық», - деді ол.

«Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚР МСМ-мен бірігіп бұл жобаның ҚХА мен азаматтық қоғам институтына енуі бойынша жұмыстар жүрпгізілуде.

«2015 жылдың соңына дейін 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2015 жылдың 6-7 тамызында медиацияның кезекті отырысы өтеді. Біз оған отандық және шетелдік сарапшыларды шақырамыз»,- деді Н.Калашникова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Үлкен мемлекет-үлкен  отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды.

«Қазір аталмыш жобаға енетін шаралардың концептуалдық мәселелері талқылануда. Олардың ішінде қазақ халқына деген алғыс күні, әлеуметтік көмек көрсету жолы, ірі жобалардың жүзеге асуы, Жібек жолын зерттеу жобалары бар. Жобалар сәйкес қаржыландыруға ие болады»,- деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар