- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысының бірінші кезеңінен өтетін болады (Фото)
Қазақстандық танкішілер «Танк биатлоны-2015» жарысының бірінші кезеңінен өтетін болады (Фото)
Әр елден Т-72 танкісінде бір-бір экипаждан қатысады. «Ресей тарапымен барлық қатысушыларға ұсынылған танктер су жаңа. Биылғы жылы танк биатлонының тас жолы біршама күрделенді, ережелер күшейтілді. Бірақ, мұның барлығы күресті анағұрлым қызығырақ етіп, жеңіске деген ұмтылыс береді.
Біз соңғы тексерулер мен дайындықтарды өткізіп жатырмыз. Экипаждар толық әзірлікте, сақадай сай», - деді «Алабино» полигонынан ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халиков. Жарыста қазақстандық танкішілермен бірге Қырғызстан мен Кувейттің танк экипаждары өнер көрсетеді.
«Танк биатлоны-2015» 1 тамызда «Алабино» полигонында басталғанын естеріңізге сала кетейік. Осы жылы байқауға қатысушы елдердің рекордтық саны асып жығылады. Екі апта ішінде Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждарына Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғыстанның танкішілерімен сайысуға тура келеді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды