• Басты
  • Ұлт жоспары: Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру меритократия талаптарына негізделетін болады (ВИДЕО)

Ұлт жоспары: Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру меритократия талаптарына негізделетін болады (ВИДЕО)

3 Тамыз, 2015 11:53
Лауазым үлгісіне көшу жұмыстары меритократия талаптарына негізделеді, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары Әлия Мұхамеджанова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 29-сәуірінде Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде 5 институционалды реформа - Ұлт жоспары мен оны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысы бұл бастамалардың жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге жауап болатындығын атап өтті. Мемлекеттің ішкі мәселеріне байланысты күрмелуі жәйттердің бірі заманға сай мемлекеттік аппаратты қалыптастырумен байланысты болып отыр.

Баршаға мәлім, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясы дайындайды, түптің түбінде осы академия мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың негізгі бағытына айналды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш орган мемлекеттік қызметкерлердің лауазым бойынша жылжу үдерісін байқау негізінде жүзеге асыруды, яғни Ұлт жоспарының 10-ша қадамын жүзеге асыруды бастады. 

«Б» корпусындағы тұрған, төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлерді жоғары лауазымдарға тек байқау арқылы көтеру керек» делінген Президенттің бірінші реформасында. Осыған байланысты ректордың орынбасары Әлия Мұхамеджанова мемлекеттік аппаратты қалыптастыру ісі бойынша қабылданып отырған шешімдер туралы айтып берді.

«Лауазым бойынша көтерілу шаралары конкурстық негізде арнайы тәртіп бойынша жүзеге асады және бұған лайықты адамдар таңдап алынады, ең бастысы барлығы меритократия талаптары бойынша жүзеге асады. Ал, меритократия дегеніңіз бойында лауазым бойынша өсуге қажетті талаптардың барлығы көрініс тапқан лайықты азаматтардың биілігі, бұл мемлекеттік қызметтің лауазымдық үлгісі»,-деді Ә.Мұхамеджанова.

Оның сөзінше, Мемлекеттік қызмет істері академиясы – мемлекеттік қызметкерлерді оқытатын жалғыз ғана оқу орны.

«Бұл ретте біз мемлекеттік қызметкерлерге өзге оқу орындарында білім алуға шектеу қоймайтындығымызды айта кетуіміз керек. Оның  үстіне бізде қазір «Болашақ» бағдарламасы бар.  Біздің орнымыз бөлек. Дегенмен, мен барлығымыз бір жұмысты, яғни өз елінің жарқын болашағы үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметкер дайындау ісімен айналысып отырмыз деген ойдамын»,-деді Ә.Мұхамеджанова.  

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар