- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде екінші дәрежелі көшелердегі жолдарды жөндеу жалғасуда – ІСБ
Ақтөбеде екінші дәрежелі көшелердегі жолдарды жөндеу жалғасуда – ІСБ
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Руслан Төреғали айтқандай, ағымдағы жылы Заречный-1 кентіндегі Кеңес Одағының Батыры Александр Гуцало атындағы көшенің жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Кеңес Одағының Батырлары Рауф Кутуев пен Василий Козенков атындағы көшелердің жолдарын жөндеу бойынша дайындық жұмыстары басталды,
Смирнов көшесін жөндеуге келісім-шарт жасалды.Гуцало көшесіндегі жолды күрделі жөндеу жұмыстарын «АктобеГордорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы іске асырады. Кәсіпорынның бас инженері Николай Буканевтің айтуынша ұзындығы 920 метр, ені 4,5 метр жолды жөндеу 10 күн бұрын басталды және келесі аптаның соңына дейін аяқталатын болады. Жұмыс құны 30 млн.-нан астам теңге құрайды. Сол сияқты «АктобеГордорстрой» ЖШС мамандары Оңтүстік-Батыс тұрғын массивіндегі ұзындығы 1340 метр Жармағамбетов көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмыс құны 61 млн. теңге құрайды.
Бұл екі көшеде бұрын ешқашан асфальт-бетон жабындысы болмағанын айта кетейік.
Р.Төреғали Париж Коммунасы, Алтай батыр, Чапаев көшелеріндегі де жолдарды күрделі жөндеуге шарттар жасалғандығынан хабардар етті.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі