• Басты
  • Ұлт Жоспары: Қазақстандық суретшілер 2017 жылы Венеция биенналіне қатысады (ВИДЕО)

Ұлт Жоспары: Қазақстандық суретшілер 2017 жылы Венеция биенналіне қатысады (ВИДЕО)

3 Тамыз, 2015 10:06
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстары аясында ҚР Ұлттық мұражайы 2017 жылы қазақстандық суретшілердің Венеция биеналіне қатысуына ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық мұражайының Қазіргі заманғы өнер орталығының жетекшісі Роза Әбенова Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«100 қадам» кең ауқымды ұлттық жобасының аясында Ұлттық мұражай  бірқатар көрме жобаларын ұсынып отыр. Бұл бірінші кезекте қазіргі заманға өнерге де қатысты, өйткені Ұлттық музейде өзге де тақырыптық залдар бар. Олар: этнография, археология, тарих, тәуелсіздік тарихы т.с.с.  Қазіргі заманғы өнерге келетін болсақ, ҚР Ұлттық музейі қазақстандық суретшілердің 2017 жылы қазіргі заманғы өнер бойынша өтетін белгілі, халықаралық Венеция биенналіне қатысуларына бастамашы болып отыр»,-деді ол.

Оның сөзінше, Венеция биенналі әлемге әйгілі деген өнертанушылар мен галеристер, музей ісінің мамандары мен қылқалам шеберлері жиналатын көркем өнердің шыңы. Қазақстандықтардың халықаралық деңгейдегі осындай форумдарға қатысуы – бұл қазақстандық қазіргі заман өнерін бүкіл әлемге паш етудің жақсы мүмкіндігі.

«Онда әрбір мемлекет қазіргі заман өнеріне байланысты өздерінің жетістіктерінің нәтижелерін ұсынады. Біздің музей де Венеция биенналіне қатыса отырып, өз өнерінің әлемге ұсынады. Көркемөнер ортасы өздерінің ең үздік деген туындыларын дайындауға кірісті. Бұл суретшілерді жаңа туындылар шығаруға, өзгеше дүниелерді ойлап табуға деген ынталандыру болары сөзсіз. Бұл сонымен қатар, өте сәйкес өнер болуы керек. Біз қазақстандық өнердің не екенін, біздің түп-тамырымыздың қазақ екенін көрсете білуіміз керек және бұны өте ұтымды, шебер көрсете білу керек»,-деді өнертанушы. 

Айта кетейік, Венеция биенналі әлемдік өнердің ең танымал форумдарының бірі, ол халықаралық әділқазылар алқасының қатысуымен екі жылда бір рет өтетін халықаралық көркемөнер көрмесі. Бұл форум 1895 жылы «Венеция қаласының халықаралық көркем көрмесі» болып бекітілген. Алғашқы форумда 16 мемлекеттің суретшілерінің туындылары ұсынылды. Осылайша, бианелле форумының атақ-даңқы арта түсіп, халықаралық дегейге жетті. 1948 жылдан бастап, яғни Екінші дүниежүзілік соғыстан соң оның тұрақты ұйымдастырылуы қайта жолған қойылған соң, ол бүкіл әлемде мойындалған алаңға айналды. 1930 жылдары биеналле аясында негізгі деген халықаралық музыка, театр, кино халықаралық фестивальдарының негізі қаланды. 1975 жылы халықаралық арихитектура көрмесі қалыптасты.

Анар Тәңірқұлова     

Барлық жаңалықтар