- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл энергетика» саласындағы қытайлық компаниялар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырылды – ҚР СІМ
«Жасыл энергетика» саласындағы қытайлық компаниялар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырылды – ҚР СІМ
Іс-шара ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопиннің, «Онтүстік-Онтүстік» ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитетінің Төрағасы Люй Синьхуаның, ҚХР-да тіркелген елшіліктердің және іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Елші өз сөзінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының, бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі мазмұнымен таныстырды.
Қатысушылар Қазақстанның инвестициялық саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуы, жақын және орташа мерзімді болашақтағы стратегиялық жоспарлары, мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат алды.
Ш. Нұрышев «жасыл энергетика» саласындағы қытайлық компания өкілдерін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.
«Іс-шараның қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық әрекеттестікті ілгерілету мақсатында, «Онтүстік-Онтүстік» ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитеті Қытайдың жетекші кәсіпорындарының делегациясын қалыптастырып, ү.ж. қыркүйекте Қазақстанға сапармен барады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі комитеті ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің шешімімен құрылған болатын. Комитет коммерциялық емес қоғамдық ұйым тәуелсіз заңды тұлға ретінде қызмет етеді. Ол дамушы елдердің үкіметтік құрылымдарымен, кәсіпорындарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, Қытай үкіметтік мекемелердің тапсырмаларын орындайды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды