- Басты
- Жаңалықтар
- Елорданың «Саранда» шағын ауданында 240 орынға есептелген балабақша ашылды
Елорданың «Саранда» шағын ауданында 240 орынға есептелген балабақша ашылды
«Бүгін «Саранда»тұрғын кешенінде айтулы да маңызды оқиға болып жатыр. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаның бүгінгі ашылуы, Темір жол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатқаны баршаңызға мәлім. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық талаптарын ескере отырып салынған,-деп атап өтті балабақшаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұдан кейін сөз алған сала ардагерлері Бертран Рубенштейн мен Марат Хамзин, Астана қалалық білім департаменті меңгерушісінің міндетін атқарушы Бағлан Сматаева бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Магистральдық желі дирекциясының менеджері Алтынай Нысанбаева құрылысты жүргізген кәсіпорын мен оған тапсырыс берген Ұлттық компания басшыларына алғысын білдірді.
Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Жап -жаңа екі қабатты ғимаратта әртүрлі 12 жас айырмашылығы бар топтарда жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардың жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивтік тақталармен жарақтанған. Бассейн, музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Әр топқа арналған спорттық және ойын алаңдарымен қамтылған.
Балабақша еден арқылы жылытылады. Ақылды «жарық» құралдары бар. Шкафтарда киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге болады. Тамақтану және кір жуу бөлмелері соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.
Балабақша құрылысы 2014 жылы мамырда басталған болатын. Ол нысан кілтке тапсырылды. Салалық әлеуметтік маңызды ғана емес, бұл шара өз кезегінде Астанадағы балабақша кезегін де азайта түседі.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елорданың санитарлық дәрігері: CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз