• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алдын ала мәліметтер бойынша Қостанай облысында астық гектарына 9-10 тоннадан болады - әкімдік

Алдын ала мәліметтер бойынша Қостанай облысында астық гектарына 9-10 тоннадан болады - әкімдік

3 Тамыз, 2015 08:57
Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарында болып, ондағы егіс жұмыстарының нәтижесімен танысты, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.

Сондай-ақ онда өңір басшысының аудандардағы бірқатар шаруашылық құрылымдарын аралап, оның басшыларымен кездесу ұйымдастырды.   

«Облыс басшысы онда шаруашылық басшыларынан егін егілген уақыт пен оны жиып алу, техникалық парктердің жиын-терін жұмыстарына дайындығы туралы білді. Шаруашылық басшыларының сөздерінше, биылғы жылы арамшөптер біраз проблемалар тудырған, ал ауру өсімдіктер әзірге тіркелген жоқ»,-делінген хабарламада.   

Қостанай ауданында облыс басшысы Зареченск мемлекеттік сұрыпсынау учаскесінде болды, онда қазір 48 дақыл сыналуда. Облыс басшысының  пікірінше, қазіргі таңда проблемалы мәселе болып   өндіріс пен ғылымның арасындағы байланыстың жоқтығына қатысты болып отыр. «Соңғы уақытта біз климатта да өзгерістерді байқап жүрміз. Яғни біз сұрпыттарды осы жағдайға бейімдеп жасауымыз қажет. Сондықтан сұрыптау учаскесіне өндірістерді зерттеп, зерделеп, әрбір ауданға, аймаққа өздерінің табиғи-климаттық жағдайларына байланысты қандай сұрыпты өсіру жөнінде ақыл-кеңес беріп отырулары керек»,-деді ол.     

Бүгінгі таңда астық көрсеткіштері жаман болмайды, дегенмен көп нәрсе  тамыздағы ауа райына байланысты. Алдын ала көрсеткіштер бойынша егіс көлемі гектарына 9-10 центнерді құрайды.    

 

 

Барлық жаңалықтар