- Басты
- Жаңалықтар
- «Денсаулық жолы - 2015» акциясының шеңберінде ЖМК-ның шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда
«Денсаулық жолы - 2015» акциясының шеңберінде ЖМК-ның шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда
Аталып өткендей, Шебір, Шайыр, 1, 2 және 3 Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады.Жұмылдыру топтарының шығуы окулистердің, офтальмологтардың, терапевтердің, пульмонологтардың, педиатрлардың, кардиологтардың, хирургтардың және акушер-гинекологтардың қатысуымен ұйымдастырылытын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында окулистер, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевтер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар.
«Аталмыш күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 3-ші интернационал ауылына, Қазалы ауданының 6, сондай-ақ Жаңақорған ауданының 3 ауылына бармақшы. Медициналық жұмылдыру бригадаларының құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар», -делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 4 және 5 тамыз күндері Алматы қаласы медициналық ұйымдардың қызметкерлері ақпараттық-кеңестік көмек көрсетіп, «Д-Маркет» әмбебап базарында зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізетін болады.
Ал, 5 тамыз күні жылжымалы медициналық кешең Атырау облысы Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылына барады. Ауыл тұрғындарын бейінді мамандар қарайтын болады. Сонымен қатар, лабораториялық және аспапты зерттеулер де ұйымдастырылады (УДЗ, ЭКГ, рентген).
Естеріңізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатыр.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина -
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда