• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Қытай Төрағасын Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болуымен құттықтады

Елбасы Қытай Төрағасын Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болуымен құттықтады

31 Шілде, 2015 20:03
Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы  Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын жүректен құттықтады.

«Бұл оқиға жаңа Қытайдың зор мүмкіндіктерін әлемге тағы да паш етті. Қытай тарапының Олимпиадалық ойындарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып, халықтар достығы мен бейбітшілікті дәріптейтін олимпиадалық дәстүрді одан әрі нығайтуға үлес қосатынына кәміл сенемін», – деп атап өтілген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиада ойындарын табысты өткізуге, ал достас Қытай халқының бақ-берекесі артып, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.  

 

 

Барлық жаңалықтар