• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық әскери қызметшілер Қытайда өтетін әскери парадтың қатысушылары болмақ (Фото)

Қазақстандық әскери қызметшілер Қытайда өтетін әскери парадтың қатысушылары болмақ (Фото)

1 Тамыз, 2015 10:32
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрмет қарауылы ротасының 100-ден астам әскери қызметшісі Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскерлердің әскери шеруіне қатысу үшін Қытайға шақырту алды, деп хабарлады ҚМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілеріміз алдағы іс-шараға қызу дайындық үстінде. 68665 әскери бөлімінің алаңқайында өздерінің командирлері капитан Мақсат Байжігітовтің басшылық етуімен олар саптық жарғыны, яғни түзелу, қарқын, ырғақ және адымның үйлесімділігін пысықтауда.

«Әскери қызметшінің саптық адымы қауқарлы және серпінді болуы, оның талқандалмайтынын көрсетуі тиіс. Парадтық қорапта адымдай отырып, әскери қызметшілер өздерінің ұлтжандылықтарын, қазақстандық әскерге деген мақтаныш сезімдерін көрсетеді», - деді командир. Парад ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Бейжің қаласында өтеді. Әскери қызметшілеріміз қытай әскерилерімен бірлескен жаттықтыруларға кірісу үшін Қытайға 17-18 тамызда  аттанады.

ҚР ҚМ құрмет қарауылы ротасы 2002 жылы құрылғанын айта кетейік. Оның қатарына ҚР ҚК ең үлгілі әскери қызметшілері іріктелініп алынған. Рота республикалық деңгейде яки халықаралық ауқымда болсын салтанатты мерекелік іс-шараларға жүйелі түрде қатысып тұрады. Оның тізімінде «KADEX» көрмесі, Астанадағы ҚР ҚК әскери шерулері, 2010 жылғы Мәскеудегі әскери парад.  


 

Барлық жаңалықтар