- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың тамызынан бастап қазақстандықтар ЭСҚ-ның мобильді үлгісін пайдалана алады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
2015 жылдың тамызынан бастап қазақстандықтар ЭСҚ-ның мобильді үлгісін пайдалана алады (ФОТОРЕПОРТАЖ)



«Мобилді үкімет» қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерге мобильді телефон арқылы қолжеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін электронды-сандық қол керек, оны Altel операторының кеңселерінде орнатуға болады. Жоба тамыз айында Астана, Алматы қалаларында қол жетімді болады, ал жыл соңына қарай бүкіл Қазақстан бойынша енгізіледі», - деді «Мобилді үкімет» жобасының жетекшісі Гүлмира Исабекова таныстырылым барысында.




Мобильді ЭСҚ-ның жұмысын түсіну мақсатында журналистерге «электронды үкімет» қосымшасын ұялы телефонға тартып алу ұсынылды.
«Алгоритмнің egov.kz сайтында жұмыс істеуден еш айырмашылығы жоқ. Мобильді ЭСҚ ұялы телефонда жұмыс істеу үшін керек», - деп түсіндірді Г.Исабекова.
Оның айтуынша, Altel операторларының пайдаланушылары тамыз айының ортасынан бастап аталмыш қызметті пайдалана алады, қазіргі таңда өзге операторлармен келіссөз жүргізілуде.
Жоба жетекшілері айтып өткнедей, egov мобильді қосымшасына кіру үшін пайдаланушы ғана білетін құпия сөз керек.
«Банк карталары іспетті егер сіз ұялы телефоныңызды жоғалтып алсаңыз бірыңғай сall-орталыққа хабарласып телефоныңызды жоғалтып алғаныңыз туралы ескертесіз. Сол кезден бастап сіздің ЭСҚ бірдн бұғатталады», - деді Г.Исабекова.
ҰАТ атап өткендей, ең танымал қызмет ол мекен – жай туралы анықтама алу болып табылады.
Ботагөз Айтжанова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді