Ақмола облысында жаңа футбол стадионы ашылады (ФОТО)

31 Шілде, 2015 19:48
Целиноград ауданында орталық стадионның құрылыс жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Аталып өткендей, стадионның ашылуы ағымдағы жылдың тамыз айында XXVIII жазғы облыстық спартакиаданы өтуіне орай көзделген.

Облыстық спартакиадада 9 спорт түрі бойынша жарыс өткізу жоспарланған, оның ішінде 3 –уі футбол, жеңіл атлетика пен президенттік көпсайыс.

Стадионда жасанды жасыл желек төселген. Жалпы ауданы 7 200 шаршы метр. Ал, оны даярлау әдісі «Тафтинг». Стадионның сыйымдылығы – 600 орын. Ал, орындықтары артқы жақтауы бар пластмасадан жасалған. Ол жану процесін баяулататын заттан тұрады.  

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ бидай» жазғы спартакиадасы Целиноград ауданында 2015 жылдың  11 мен 15 тамыз аралығында өтеді. 

Барлық жаңалықтар