- Басты
- Жаңалықтар
- Германияның машинажасаушылар одағы Қазақстанның индустриализациясын қолдауға ниетті
Германияның машинажасаушылар одағы Қазақстанның индустриализациясын қолдауға ниетті
Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын елімізді дүниежүзі индустриалды көшбасшыларының отыздығына жеткізетін «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты тұрғысынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі аспектілерімен таныстырды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне, өңдеу өнеркәсібіне, сондай-ақ неміс капиталының қатысуымен инновациялық кластерлер құруға Германияның стратегиялық инвесторларын тарту мүмкіндігіне ерекше көңіл аударылды.
VDMA басшылығы «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін реформалардың стратегиялық қалпы, уақытылығы мен тәжірибелік маңыздылығын жоғары бағалап, Қазақстанның индустрияландыру үдерісін неміс тәжірибесімен, озық технологиялары және инновациясымен қолдауға дайындығын білдірді. Бұл тұрғыда, неміс тарапы ү.ж. қазанда VDMA делегациясының Қазақстанға сапары жоспарланғанын хабарлап, Қазақстан машинажасаушылар одағымен ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеп жасауға ниетін білдірді.
VDMA Еуропадағы машинажасау кәсіпорындарын біріктіретін ірі ұйым болып табылады. Негізі 1892 жылы қаланған VDMA коммерциялық емес серіктестігінің мүшелігіне 3000-нан астам компания қатысады. Неміс машинажасаушылар одағы экономиканың машинажасау саласының барлық бағыттары бойынша қызметін жүргізеді және Германия мен шет елдерде шағын және орта кәсіпорындар мүдделерін қорғайды. Одаққа мүше фирмалардың 85 пайызданастамы 500 адамнан аспайтын штатқа ие.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді