• Басты
  • Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің барлық өңірлеріне оң әсер береді
31 Шілде, 2015 16:34

Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің барлық өңірлеріне оң әсер береді

ЭКСПО-2017 көрмесі Астанамен қатар еліміздің барлық өңірлеріне оң әсерін тигізетін болады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның консультанты Роза Асанбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 көрмесі еліміздің барлық өңірлеріне оң әсер береді

«ЭКСПО-2017 көрмесі Астанамен қатар еліміздің барлық өңірлеріне оң әсерін тигізетін болады, бұл Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар сияқты жақын маңда орналасқан қалаларға әсіресе Бурабайға туристердің ағылады деген сөз. Ол үшін Астанадан бастап елімізге келген шетелдік қонақтардың барлығы республиканың барлық аймақтарында бола алатындай туристік бағыттар қалыптасады»,-деді Р.Асанбаева.

Сонымен қатар, Қазақстанның ең танымал деген туристік бағыттарын Астанаға қарай бұру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

«Мысалы, қазақстандық Жібек Жолы арқылы трансшекаралық пойыз бар болатын. Әдетте ол Алматыдан басталып, енді біз бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, осы бағытты Астанадан басталып, Алматы одан Тараз, Шымкент, Түркістан сияқты бағыттарға бұруды жоспарлап отырмыз»,-деп түсіндірді ол.   

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ы Инвестициялар және даму министрлігі мен әкімдіктермен және бизнес өкілдерімен жол бойы қызметтерін жөнге келтіру үшін үйлестіру жұмсытарын жүргізуде.

«Біз Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Шортанды-Бурабай курортты аймағы мен Алматы қалалры бағытындағы негізгі магистральдардың бойында қызмет көрсету, онда киіз үй ауылдарын салу, кемпингтер ұйымдастыру мәселелері бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізіп жатырмыз»,-деді ол.

Р.Асанбаеваныңақпараттары бойынша, кәсіпкерлермен бірге вагон-мейманханалар орналасатын пойыз шығару мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірге Астанаға дейінгі әуе көлігінің билетіне ЭКСПО-ны да көру шарасын енгізу жөнінде жұмыстар жүргізудеміз.        

Айта кететін мәселе 2015 жылдың соңына дейін барлық туристік пакеттер жинақталатын болады, 2016 жылы оларды сату баталады.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар