2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде өтеді

31 Шілде, 2015 16:05
Бейжің 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын қабылдайды, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің 128 сессиясында белгілі болды.

Астана уақытымен сағат 15.00-де 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалаға дауыс беру аяқталды. ХОК мүшелері ойындарды өткізуге Бейжің қаласы лайық деп тапты.

Айта кетейік,  XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізуге Алматы мен Бейжің қалалары ниет білдірген болатын. 

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасын Халықаралық олимпиада комитетінің 85 делегаты таңдады. Үміткер елдер – Қазақстан мен Қытайдан келген ХОК мүшелері дауыс беруге қатысқан жоқ. 

 

 

Барлық жаңалықтар