- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның сенімді жолбағдарларына «Recommendedby EXPO» белгісі қойылады
Қазақстанның сенімді жолбағдарларына «Recommendedby EXPO» белгісі қойылады

« «Recommendedby EXPO» тізіліміне енгізілген турпакеттерді ілгерілету және сату жөнінде tripadvisor және booking.com секілді ірі туристік порталдармен келіссөздер белсенді жүргізілуде», - деп атап өтті Роза Асанбаева. Бұл белсенді жұмыс таяуда әкімдік жанынан құрылған «Астана Конвеншн Бюро» дирекциясымен бірлесе жүргізілетін болады», - деді Р.Асанбаева.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің зерттеулері бойынша көрмеге келеді деп күтіліп отырған қонақтардың саны 2,1 млн. адамды құрамақ. Ұлттық компания қызмет көрсетіп жатқан қонақ үйлердің жалпы бөлмелер қоры 6,3 мыңға тең келетінін анықтаған. 2017 жылға қарай қосымша тағы 73 қонақ үй салынады.
Көрме қонақтары Астананы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарына барады деп жоспарланып отыр. Туристердің негізгі ағыны Бурабай шипажайының үлесіне келеді деп күтілуде. Шипажайға баруды қолжетімді ету мақсатында Астана-Щучинск автобаны қызмет етуде және Көкшетау қаласының әуежайы қайта жаңғыртылған.
«Қазіргі таңда Қазақстанның басқа аймақтарында жаңа турлар дайындалып, қолданыстағы турлар жақсартылуда. ЭКСПО брендінің қолдау көрсетуімен Жібек жолындағы қазақстандық телім бойында “OrientExpress” санатына жататын пойызды іске қосу мәселесі тыңғылықтануда. Астанаға дейінгі әуебилеттің ішіне ЭКСПО-2017 көрмесіне барудың құнын кіргізу туралы Эйр Астанамен және шетелдік әуекомпаниялармен келіссөздер жүргізілуде», - деді ол.
Р.Асанбаева өз сөзінде жергілікті туристік компаниялар тарапынан және де шетелдік компаниялар тарапынан тұрақты қызығушылық байқалып отырғанын атап өтті. Мәселен, бірнеше қазақстандық туроператорлар қазірдің өзінде туристік пакеттерге ЭКСПО-2017 көрмесінің билетін қосу мүмкіндігіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары
-
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы
-
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары
-
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі
-
Қазақстанның бейбіт бастамалары
-
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
-
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу
-
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі
-
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер
-
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары
-
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді
-
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді

