Алматы облысында 20 мың тонна алма сақтайтын теңдессіз кешен іске қосылды

31 Шілде, 2015 20:21
«FRESH FRUIT KAZAKHSTAN» компаниясы Алматы облысының Талғар ауданында алманың оннан астам түрі, өсіріп, сақтап сатуға мүмкіндік беретін теңдессіз кешенді іске қосты, деп хабарлайды «Даму» қорының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл қайта өңдеу саласында қызмет етіп жатқан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекетті бағдарлама аясында кәсіпорындарды қолдау шараларының арқасында мүмкін  болып отыр.

Алматы облысының тауыл аудандарында өсірілген алманың 13 түрін жыл бойына сатып алуға болады. Тұрғындар дүкендердің сөрелерінен жергілікті таза жемістерден дайындалған фирмалық қорапшадағы «Амал-био» тауарларын көретін болады. 12 мұздатқыш камералар 2 мың тонна алманы күзден бастап, мамыр айына дейін сақтайды. Бұл ретте жемістің сапасына мүлдем зиын келмейді.

«Біздің компаниямыз бен өнімдерімізді қазір Алматыда, тіпті Қазақстанда біледі және біз өз өнімдеріміздің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырамыз. Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы үлкен қадам және біз Ресей, Қытай мен өзге де мемлекеттерге бәсекелес бола аламыз»,-деп түсіндірді ол.   

Өсірілген өнімді бір айдан аз уақыттан соң-ақ жинау басталады. 40 гектар жерде ең танымал деген алма түрлері өсірілуде. 2013 жыл алғаш рет 27 гекатр жерге отырғызылды. Ең үздік деген технологиялар, бұршаққа қарсы торлар мен тамшылатып суару әдісі қолданылды. Арнайы жиілігі бар алма түрлері көшет отырғызылған соң бір жылдан кейіна-ақ жемісін бере бастайды. Биылғы жылы 400 тонна алма жинап, сату жоспарланып отыр. Италияндық құрылғы оларды жинап, түр-түрімен бөліп, салмағы, көлемі, тіпті түсі бойынша реттейді.     

Жиын терін көлемі 2 мың тона алма болады. Кешен мұндай қуатқа келесі жылы қол жеткізеді. Оған дейін бақша көлемі 100 гектарға ұлғайтылады. Алайда олар тек алмамен ғана шектеліп қалғылары келмейді.  Мұнда қазір өзге де жеміс-жиденк түрлері өсірілуде.  

 

   

Барлық жаңалықтар