ШҚО-да жылу беру маусымына дайындық жоспар бойынша жүруде – әкімдік

31 Шілде, 2015 17:06
ШҚО-да жылу беру маусымына дайындық жоспар бойынша жүруде, жылу беретін кейбір нысандарды қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«2008 жылы тарифтерді ұстап тұру саясаты оң нәтиже берді. ШҚО-да ең төменгі тарифтер. Алайда, мемлекет қолдауына қарамастан,  «Теплокоммунэнерго» өзінің шығынына қызмет етуде. Бүгінде облыста сапалы жұмыс істеу үшін тарифті көтеру қажет болып отыр», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

ШҚО халқының ТКШ төлемдерінің орташа бағасы жалақыларының 5-7 пайызды құрайды, ал ремейліктер бұл орайда 16 пайыз бюджеттен бөліп отырса, гректер -15-20 пайызды, американдықтар-13 пайызды бөліп отыр.

Егер де жылуға деген бағаны өсіру туралы айтатын болсақ, ол 20 пайызға өсуі мүмкін.

«Тарифтің өсуінде мемлекет отбасы табысының 10 пайызынан асатын отбасылардың ТКШ төлемдерін өтеуге көмектеседі. Бұл заңнамада жазылған. 2014-2015 жылу беру маусымының қорытындысы бойынша коммуналдық жылу беру қызметтері халыққа 99 млн теңге қайтарады», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар