• Басты
  • Жаңалықтар
  • М. Ялбачев: Қазақстан Қытай мен Еуропаға дейінгі логистикалық байланыстың сенімді жалғасы болады

М. Ялбачев: Қазақстан Қытай мен Еуропаға дейінгі логистикалық байланыстың сенімді жалғасы болады

31 Шілде, 2015 14:09
Қазақстан, нақтырақ айтқанда, Ақтау Қытайдан Еуропаға дейінгі логистикалық байланыстың сенімді жалғасы болады, деді Ақтау теңіз айлағының директоры Михаил Ялбачев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«ҚТЖ-ның қолдауымен көлік-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында Құрық айлағында паром кешені салынуда. Бұл кешен нағыз заманға сай диизайндегі пармдарды қабылдайды және ол біздің Ақтау айлағының өткізу мүмкіндігін арттырады»,-деді М.Ялбачев.

Оның сөзінше, аталмыш кешен Қазақстанды Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан және Иранмен байланыстыратын болады, олар паромды тасымалдар бойынша үлкен жоспар құрып отыр.  Бұған қоса, «Боржақты-Ерсай» темір жол бағытының құрылысы мен жол салу жұмыстары аяқталды. Айлақ директорының айтуынша, осы уақытта паром терминалына жол салынуда.

«Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар Қазақстан мен Ақтау айлағына өңірдегі логистикалық хабке және барлық логистикалық байланыстың сенімді жалғасына айналуға көмек болады. Аталмыш бағыт болса Қытайдан еуропаға дейінгі аймақты алып жатыр және біз оны тап осы жерде тап біздің  өңірде жүзеге асырылатындай етуіміз керек»,-деп қорытты ол.   

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар