• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысы еліміздің өндірістік көлемінің 11% қамтамасыз етуде – әкімдік

Маңғыстау облысы еліміздің өндірістік көлемінің 11% қамтамасыз етуде – әкімдік

31 Шілде, 2015 14:01
Аймақтың шамамен 559 өндіріс ошағы еліміздің өндірістік өнім көлемінің 11% қамтамасыз етеді, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.

«Өндіріс ошақтарына қолдау көрсету шараларын келетін болсақ онда нақты жоспар түзілді. Бірінші кезекте қазақстандық қамтамасыз ету көлемі арттырылып, кепілдендірілген тапсырыстар қамтамасыз ету керек. Осы ретте көптеген ұлттық компаниялармен және аймақтың жүйесін қалыптастыратын кәсіпорындармен меморандум жасалды», - деді Ш. Ілмұханбетова ОКҚ-ның көшпелі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, барлығы 300 млрд теңгеден астам қаржыға 120 меморандум түзілді.

«Бүгінде бізде нақты нәтмже бар. Меморандумдар аясында 300 млдр теңгеден астам қаржыға шамамен 330 келісім жасалды. Маңғыстау облысы еліміздің ірі өндірістік аймағы болып табылады. Мұнда 559 өнеркәсіп ошағы бар және олар еліміздің өндірістік өнім көлемінің 11% өндіреді. Мұнай мен газдың 30%-ға жуығын өндіреді. Бұдан басқа, Өзен-Берекет-Қорған халықаралық көлік дәлізі мен Ақтау порты жұмыс істеуде», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар