- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық армия құрамасы ТМД елдері арасында өткен Алғашқы әскери-спорт ойындарында үшінші орынды жеңіп алды (ФОТО)
Қазақстандық армия құрамасы ТМД елдері арасында өткен Алғашқы әскери-спорт ойындарында үшінші орынды жеңіп алды (ФОТО)
Біздің әскерилер барлығы 47 медальға, атап айтсақ – 7 алтын, 16 күміс және 24 қола жеңіп алып, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения елдерінің спортшыларын артта қалдырды.
Алғашқы әскери-спорт ойындарында Қазақстанның атынан ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының атақты әскери спортшылары шықты. Суда жүзу, дзюдо, қоян-қолтық күрес, кір спорты, офицерлік үшсайыс және штаттық қарудан оқ ату бойынша сайысқа түскен біздің сарбаздар жүлделі орындарды жеңіп алды.
Жарысқа алты елден барлығы 300-ден астам әскери қызметші қатысты. Бірінші орынды ресейдің атлеттері, ал екінші орынды – Белоруссия армиясының құрамасы жеңіп алды.
Айта кетерлік жайт, Ертең, 1 тамыз күні Халықаралық армиялық ойындар басталатынын айта кеткен жөн. Қазақстан осы ауқымды шара аясында үш түрлі сайысқа қатысады. Атап айтқанда, олар «Танк биатлоны», «Авиадартс» және «Каспий теңізі» (теңіз биатлоны).
Ағымдағы жылдың 1-15 тамызы аралығында біздің 20 танкшы Мәскеу облысына қарасты «Алабино» полигонында өтетін 13 мемлекет өкілдерімен бірге шеберліктерін сынайды. Дәл осы уақытта Рязань, Сызрань және Липецк қалаларының әуеайлақтарында Миг-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 қазақстандық ұшу экипаждарының қатысуымен «Авиадартс» өрістетіледі. Ал Ресейдің Каспийдегі акваторияларында бұл сәтте «Сарыарқа» және «Орал» зымыранды-артиллериялық кемелерінде ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери теңізшілері және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлерінен құралған бригадасы теңіз биатлонының жүлделі орындары үшін сайысқа түсетін болады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар