• Басты
  • Жаңалықтар
  • М. Ялбачев: Ақтау порты Еуропаға жөнелтілетін алғашқы сынақ контейнер пойызын қабылдайды

М. Ялбачев: Ақтау порты Еуропаға жөнелтілетін алғашқы сынақ контейнер пойызын қабылдайды

31 Шілде, 2015 13:27
Ақтау порты Каспий теңізі арқылы Еуропаға жөнелтілетін алғашқы сынақ контейнер пойызын қабылдайды, деп мәлімдеді Ақтау теңіз портының директоры Михаил Ялбачев «100 нақты қадам» - ұлт жоспары бойынша ОКҚ-ның Маңғыстау облысындағы көшпелі брифингінде.

«Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия мен Қытайдың портшылары, теміржолшылары, кеме иелері мен экспидиторларының транскаспийлік халықаралық көлік бағыты аясында өзара қарыматынасы Ақтау портының Еуропаға жөнелтілетін алғашқы сынақ контейнер пойызын қабылдауға алып келді. Ол осы дәліздің жұмысы аясында жасақталған болатын», – деді М. Ялбачев.

Ол атап өткендей, бүгін порт алғашқы пойыз контейнерді қабылдайды.

«Пойыз каспий теңізі арқылы өтіп Еуропаға шығады», – деп толықтырды директор.

Барлық жаңалықтар