- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2016 жылға қарай көкөніс қоймаларының көлемі 60 мың тоннаны құрайды
Астанада 2016 жылға қарай көкөніс қоймаларының көлемі 60 мың тоннаны құрайды
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында елордада көкөніс қоймалары мен жылыжайлар салу жобалары жүзеге асырылуда.
Астана қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша ағымдағы жылдың басынын бері «Целинсельмаш» ЖШС көкөніс қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна), «Astana Food Storage» ЖШС көкөніс қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна) және «Астык Логистик» ЖШС «А» классының қойма кешені (32 730 орындық) пайдалануға берілген. Сонымен қатар, елорданың Индустриалды паркі аумағында «Казглавпродукт» ЖШС қораптау желісі бар көлік-логистикалық орталығының құрылысы аяқталды. Кәсіпорын желісін кеңейту мақсатында сақтау көлемі 19 500 болатын 6 көкөніс қоймасы және жылына 4 850 тонналық қуаты бар 2 жылыжай салынып жатыр. Бұдан бөлек, жалпы көлемі 23 500 тонналық 5 көкөніс қоймасы және жылына 10 540 тоннадан астам өнім шығаратын 7 жылыжай жобалау сатысында тұр. Көп функциялы көтерме және жеке сауда-логистикалық кешені мен «Мир круп» ЖШС азық-түлік өнеркәсібі өнімдерін өндіру бойынша көп салалы және көп функциялы кешені өндірістік базасы бар логистикалық кешен жүзеге асырылуда.
2016 жылы барлық жобалар пайдалануға берілген уақытта қаланың жеміс және көкөніс өнімдері (60 000 тонна) мен жылыжай өнімдерін (маусымаралық кезеңде 8000 тонна) сақтау көлеміне сұранысы толықтай жабылады.
Сонымен бірге, Басқарманың хабарлауынша, инфляциялық процесстерді жоспарланған аралықта сақтау және азық түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында қала әкімдігі мен сауда ұйымдары арасында Меморандум жүзеге асырылады. Меморандум аясында оның шарттарын іске асыруды бақылау қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, Астана қаласын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін республиканың құс өсірушілерімен және Ақмола облысының 23 ірі тауар өндірушілермен меморандумға қол қойылды. Қала аумағында 4 сәуірден бастап апта сайын (әр сенбі және жексенбі күндері) ауыл шаруашылық өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер өтеді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі