- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері инновациялық гранттарға деген өтініштер саны 35 пайызға артты – ТДҰА
Жыл басынан бері инновациялық гранттарға деген өтініштер саны 35 пайызға артты – ТДҰА
Хабарламадан мәлім болғанындай, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының инновациялық гранттарына деген өтініштер саны артып отыр. Бүгінгі таңда жалпы құны 60,3 млн теңге болатыг сомаға гранттар берілген. Олардың арасында технологияларды коммерциализациялау гранттары басым.
Технологиялық басымдықтар туралы айтатын болсақ, гранттардың басым бөлігі ақпаарттық-коммуникациялық технологиялар саласына қатысты болып отыр, бір-бір гранттан баламалы энергетика мен жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машинақұрылысы саласындағы пргересивті технологиялар саласына көңіл бөлінген.
Қазіргі таңда «ТДҰА» АҚ тарапынан инновациялық гранттар беру жүйесін жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Боалшақта гранттардың жаңа түрлері енгізіліп, гранттардың жекелеген түрлері бойынша бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылып, өтініштерді қарау процедуралары оңтайландырылуы мүмкін. Инвестициялар және даму министрлігінің осы мәселеге қатысты «Инновациялық гранттарды бекіту туралы» бұйрықтың жобасы дайындалып, құзырлы орган өкілдерімен келісілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдан бастап, Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы тарапынан ғалымдар мен кәсіпорындарға, жаңа стартап жобаларға қайтырымсыз инновациялық гранттар берілуде. Инновациялық қызметпен айналысатын субъектілері үшін: басқарушы және өндірістік технологиялар үшін 15 млн теңге, инженерлік – техникалық персоналдардың шет мемлекеттерде білім алуларын қамтамасыз ету үшін – 2 млн теңге, шетелдік білікті мамандар тарту үшін 9 млн теңге, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдар үшін 35 млн теңгеге дейін, технологияларды сатып алуға 150 млн теңгеге дейін, жоғарытехнологиялы өнімдерді бастапқы кезеңде қолдау үшін 50 млн теңге, өнеркәсіп зерттеулері үшін 30 млн теңге, шет мемлекеттердегі немесе өңірлік ұйымдарда патенттеу үшін 6 млн 250 мың теңге, технологияларды коммерциялизациялау үшін 30 млн теңге қарастырылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі