- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ӘӘК ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секіруді орындады (Фото)
Қазақстанның ӘӘК ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секіруді орындады (Фото)
Ұшқыштар бірінші рет парашютпен су бетіне секіруді орындап, су тасқынынан кейін қысылтаяң тіршілік жөніндегі іс-қимылды пысықтады. Суға парашютпен секірудің өзіндік ерекшеліктері мен қиыншылықтары бар. Ұшқыш өзінен талап етілетін жоғарғы моральдық-жігерлік және психологиялық қасиеттер, тәртіп, барлық қауіпсіздік шаралары жөніндегі даярлық және оны сақтай білуі сияқты бірнеше факторлар кешені бойынша сыналады.
«Біздің экипаждар Каспий теңізінен, Балқаш көлінен және басқа да қазақстандық су қоймаларынан ұшып өтеді. Суға секіру жаттығулары жауынгерлік даярлық курсында қарастырылған. Аталған жаттығулар ұшқыштарға ұшу апараттарын тастап кету мәжбүрлігі кезінде құтқару құралдарын пайдалану дағдыларын пысықтайтын болса, ал іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет мамандары апатты басынан өткерген адамдарды көшіру кезіндегі қажетті міндеттерді орындайтын болады», - деді ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің бастығы майор Ержан Әбдіков.
Содан кейін ұшқыштар апаттан кейінгі іс-қимыл алгоритмін, өздерінің орналасқан жерін анықтау, жарық дабылы құралын пайдалану, жерлерді бүркемелеу және қарсыластың ізіне түсуде алға ілгерілеуді орындау жұмыстарын пысықтады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы