- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
«Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдары белсенді жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне 6 мың 403 адамды жұмысқа тұрғызды. Олардың арасында 2 мың 99 адам ағымдағы бос жұмыс орындарына тұрақты түрде жұмысқа орналастырылды. 312 адам мемлекеттік және салааралық бағдарламалар мен өңірлерді дамыту бағдарламасы мен бизнес-бастамалардың негізіндегі шаралар бойынша жаңа ашылған жұмыс орындарына орналастырылды»,-делінген Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарламасында.
Сонымен қатар, 979 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 977 орта кәсіби және жоғары оқу орындарының түлегі жастар тәжірибесі бойынша ашылған жұмыс орындарына орналастырылды. 2 мың 35 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді.
«Аталған көрсеткіштерді аудандардың бөлінісінде қарайтын болсақ, Ақтауда - 1 мың 142 адам, Жаңаөзенде - 1 мың 748 адам, Мұнайлы ауданында - 761, Қарақияда, - 611, Бейнеу ауданында – 1 мың 208, Маңғыстауда – 468, Түпқараған ауданында 465 адам жұмысқа тұрғызылған»,-делінген Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтерінде.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді