• Басты
  • Жаңалықтар
  • Гонконгта өткен Азия чемпионатында ақмолалық спортшылар 9 медальды жеңіп алды

Гонконгта өткен Азия чемпионатында ақмолалық спортшылар 9 медальды жеңіп алды

31 Шілде, 2015 12:48
Гонконгта пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында ақмолалық спортшылар 9 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

Айта кететін мәселе, 9 медальдың 4-уін 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп,  210 келі штанганы жатып көтерген, 292 келілік штангамен отырып-тұру жаттығуларын жасаған, 290 келі ауыр салмақты бағындырған, үшсайыстан 792 келі салмақта қорытынды көрсеткен Павел Марда жеңіп алды. 

Сондай-ақ, 47 келіде өнер көрсетіп, 120 келі штанганы көтерген Анастасия Колесникова қола медальды жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында 59 келіде өнер көрсеткен Испандияр Қайыржан 540 келі ұпай жинап, 4 медальды жеңіп алып абсолютті чемпион атанды.  

Медаль иегерлері мен олардың бапкерлері Кирил Павленко, Юрия Колесникова, Асылжан Альмерденов пен Ақмола облысының пауэрлифтингтен аға жаттықтырушсы Андрея Шаляпинді жемісті нәтижелерімен құттықтаймыз.

 

 

Барлық жаңалықтар