ҚТЖ мен ЕҚҚДБ 300 млн доллар көлеміндегі несиелік келісімге қол қойды

31 Шілде, 2015 12:07
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ЕҚҚДБ мен US$300 млн. көлемінде несиелік келісімге қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ЕҚҚДБ 8 жылға арналған 150 млн. доллар көлеміндегі қаржысы мен 5 жылға арналған осындай көлемдегі несиесін  Citibank, MizuhoBank, Ltd, Société Générale, SumitomoMitsuiBankingCorporation, theBankofTokyo-MitsubishiUFJ, Ltd. коммерциялық банктер синдикаты береді.

Несиелік қаржылар «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерілк қоғамының еурооблигацияларын қайта қаржыландырып, толықтыруға жұмсалады.

Барлық жаңалықтар