• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да жыл басынан бері шағын көлемді кемелерді басқаруға 600 сертификат берілді

ҚР-да жыл басынан бері шағын көлемді кемелерді басқаруға 600 сертификат берілді

31 Шілде, 2015 11:52
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу және өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілді, деп хабарлады ҚР ИДМ.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Көлік комитетімен «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын әзірлеу мен бекіту бойынша іс-шаралар жүргізілген.

Қабылданған Министрдің бұйрықтарына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды есепке алу және өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру көліктік бақылау органдарының территориялық органдары құзіретінен  жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілді.

Сонымен қатар шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктердің телнұсқасын беру мерзімі 10 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған.

Қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі өзгеріссіз қалып отыр. Осы арада шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін қызмет алушыға тиісті өтінішті, кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не куәліктің (анықтама) көшірмесін, медициналық анықтаманың көшірмесін, 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуретті тапсыруы қажет.

Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан кезде оқытушылар құрамының дипломдарының көшiрмелерiн, шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын, оқу процесін ұйымдастыру үшiн үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмелерін тапсыруы қажет.

2014 жылы осы қызметтер бойынша 1 647 куәлік беріліп, 35 оқу орталығы есепке алынса, 2015 жылдың 6 айында 621 куәлік беріліп 33 оқу орталығы есепке алынған.

 

 

Барлық жаңалықтар