- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ ЕАЭО мен ұлттық заңнаманың талаптарына тауарлардың сәйкестігі туралы сертификатты қарауда
ҚР ИДМ ЕАЭО мен ұлттық заңнаманың талаптарына тауарлардың сәйкестігі туралы сертификатты қарауда
Еуразиялық экономикалық одақтың және ұлттық заңнаманың талаптарына өнімдердің сәйкестігін растау рәсімдерін жүргізу тәртібін сақтау үшін шараларды оңтайландыру жөніндегі жедел кеңесті ҚР ИДМ ТРМК төрағасының міндетін атқарушы Ғалымжан Доғалов өткізді.
Кедендік ресімдеу кезінде ұсынылатын сертификаттардың сәйкестігін анықтау, осндай-ақ ҚР аумағында сәйкестік сертификаттарын растау жөніндегі органдардың заңсыз қызметін тыю бойынша шешімдер қабылдауда бірлескен іс-қимылдар әзірлеу үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің және кеден басқармасының, ҚР Ұлттық ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының, «Қазақстандық сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қауымдастығы» ЗТҰ және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың өкілдері шақырылды.
Кеден одағының сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік туралы декларацияларын беру жөнінде кәсіпкерлерді алдап, күмәнді қызметтер ұсынатын субъектілер пайда болуына байланысты, кеден және басқа да мүдделі органдармен бірге бірлесіп жұмыс істеу жандандырылуда.
Айталық, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден басқармасымен бірлесіп, «Қазақстандық сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қауымдастығы» ЗТҰ-дан келіп түскен ақпарат бойынша кеден органдарының деректер базасымен 200 күмәнді сертификатты салыстырып тексеру жөнінде жұмыс басталды.
Мамандардың айтуына қарағанда, кәсіпкерлер жылдам әрі арзан бағаға сертификат жасауға уәде беретін тұлғалардың күмәнді қызметінен бас тартуы қажет, өйткені сәйкестік растау рәсімін белгіленген тәртіппен қайтадан өтуге тура келеді, оның үстіне әкімшілік айыппұл төленеді. Осындай жағдайлар анықталған кезде, заңсыз қызмет көрсететін тұлғаларға қатысты материалдар, қазіргі тәжірибе бойынша ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тарту үшін тиісті органдарға жіберілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді