- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да жыл басынан бері жол жүру құжаттарын электронды тәсілмен сату 2 есеге артты
ҚР-да жыл басынан бері жол жүру құжаттарын электронды тәсілмен сату 2 есеге артты
«Министрлік 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдаушылармен жасалатын жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау туралы шарттар шеңберінде жол жүру құжаттарын электронды тәсілмен өткізу арналарын дамыту жөнінде талаптар енгізді», - делінген хабарламада.
2015 жылдың 6 айы ішінде жол жүру құжаттарын электронды тәсілмен сату 2 еседен артық өсті және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, жол жүру құжаттары 2,6 млн. құрады.
Сонымен қатар, авиакөліктегі сияқты жол жүру құжаттарын электронды сатудың нормативтік құқықтық негізін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексіне толықтырулар, сондай-ақ Жолаушылар, қол жүгін және теңдеме жүк тасымалдау қағидаларының жаңа редакциясында отырғызу талоны (жолаушының поезға отырғаны фактісін куәландыратын құжат) ұғымы және оны қолдану тәртібі көзделеді.
Сонымен бірге, Министрлік жолаушылар тасымалдаушылармен бірлесіп, осы жұмысты жүргізу шеңберінде жылдың аяғына дейін мыналарды:ұлттық тасымалдаушымен ұқсас түрде жеке тасымалдаушыларға тиесілі поездарда жол жүру құжаттарын электронды түрде сатуды енгізуді аяқтауды, жол жүру құжаттарын сату қызметі бар автоматтар желісін (төлем терминалдары) екі еседен артық ұлғайтуды, желісі 6 мың бірлік шамасын құрайтын «Қазпочта» АҚ почта бөлімшелері арқылы ағымдағы жылдың аяғына дейін жол жүру құжаттарын электронды түрде сатуды ұйымдастыруды жоспарлауда.
Аталған шараларды қабылдау жылдың аяғына дейін жол жүру құжаттарын сатудың үлесін 25%-ға дейін (немесе 6 млн. билет), 2016 жылы - 90%-ға дейін (немесе до 21 млн. билет) жеткізуге мүмкіндік жасайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар