Жекешелендіру аясында 192 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

31 Шілде, 2015 10:32
2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 493 объекті жоспарланған, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 379 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 29 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 348 объекті шығарылды, оның ішінде 192 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша – 10, коммуналдық меншік бойынша – 84, ӘКК – 56, холдингтер бойынша – 42.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 277 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 835 млн теңге, ӘКК 2 917 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 29 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 242 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 186 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 29 шілдедегі жағдайы бойынша 174 объекті шығарылды, соның ішінде 84 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың шілдедегі кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 77 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 29 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 77 объектінің 76 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 42 объект сатылды.

                

Барлық жаңалықтар