Қазақстан Премьер-Министрі ХОК басшысымен кездесті

30 Шілде, 2015 17:42
Бүгін Куала-Лумпурда ҚР Премьер-Министрі, Алматы-2022 өтінім ұйымдастыру комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бахпен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Сұхбат барысында тараптар алда болатын ХОК-нің 128-ші сессиясының күн тәртібін талқылады, онда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өткізілетін қала анықталады. 

Сондай-ақ, К.Мәсімов пен Т.Бах халықаралық олимпиадалық қозғалыс дамуының және спорт саласындағы көп жақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін қарады. 

 

Барлық жаңалықтар