• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның Үржар ауданында 30 мың тонна ет өнімін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда

ШҚО-ның Үржар ауданында 30 мың тонна ет өнімін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда

31 Шілде, 2015 09:12
ШҚО-ның арнайы жұмыс тобы жылына 30 мың тонна ет өнімін өндіретін толық циклді бройлерлі құс фабрикасының құрылысы жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру еліміздің құс еті импортын азайту мәселемін шешетін болады.

Үржар ауданы құс фабрикасын салатын аймақ ретінде жайдан жай таңдлған жоқ, ол Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының ірі қалаларына жақын орналасқан. Сонымен қатар Үржар ауданында құс фабрикасын жем базасымен қамтамасыз ету үшін қажетті бос егін алқаптары бар.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов құзіретті органдарға аталмыш жобаны жеделдетіп жүзеге асыру үшін барлық құжаттарды дереу дайындауды және инвестор табуды тапсырды.

Үржар ауданына баратын жұмыс тобының мүшелері өңірде бос, еш игерілмей жатқан 25 мың га жерді мемлекеттің пайдасына қайтарып алу мәселесін шешу керек. Сонымен қатар, совместно с областным филиалом АО «ҚазАгроҚаржы»АҚ жобаны несиелендіру шарттарын келісу керек.

Ал, Ұржар ауданының әкімдігін құс фабрикасы үшін арналған 200 га жер бойынша ұсыныс даярлайтын болды.

Барлық жаңалықтар