- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА Ресей халқы Ассамблеясымен жүзеге асырылатын істер туралы Хаттамаға қол қойды
ҚХА Ресей халқы Ассамблеясымен жүзеге асырылатын істер туралы Хаттамаға қол қойды
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы Светлана Смирнова, Орынбор облысы халықтары Ассамблеясының төрағасы Веналий Амелин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашид Ахметов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко, Орал қаласындағы РФ бас консулы Саид Забитов, «Жайық – достық өзені» бірлескен экспедициясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық Ассамблея мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстелде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру, Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық пен мәдени өзара әрекеттестікті нығайтудағы ҚХА және РХА рөлі талқыланды. Дөңгелек үстелде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясы арасында тәжірибе алмасылды. Бұл жағынан Ресейдің бізден үйренері көп. Себебі Қазақстанның Ассамблеясы БҰҰ-да таныстырылып, Еуропаның 56 елінде көтерілген тақырып. «Болашақта бірлік тақырыбы күн тәртібінен ешқашан түспейді. Барлық ел оған көз жеткізді.
Сондай-ақ 100 қадам бағдарламасы да тек бірліктің арқасында жүзеге аспақ. Бес реформаның барлығына да бірліктің арқасында қол жеткізе аламыз» деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов. Жиын қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ресей халықтары Ассамблеясы тарапынан өзара ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі