• Басты
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында БҚО-да жыл басынан бері 4 мың адам жұмыспен қамтылған
30 Шілде, 2015 15:36

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында БҚО-да жыл басынан бері 4 мың адам жұмыспен қамтылған

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 4 адам жұмысқа тұрды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында БҚО-да жыл басынан бері 4 мың адам жұмыспен қамтылған

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны биылғы жылдың 1-шілдесіне 2 мың 823 адам болды, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,7 пайызды болады. Жыл басынан бері 3 мың 994 жұмыс орны құрылған. 4 мың 257 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 1 мың 773 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында жұмысқа тұрды. Бұған қоса, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша 2 мың 603 адам жұмыс істейтін болады. 

Жұмыспен қамту ұйымдары үшін 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында республикалық бюджеттен 1 434,8 млн теңге қарастырылып, олардың 489,9 млн теңгесі инфрақұрылымдық жобаларға, шағын несие беру мен кәсіпкерлік негіздерін үйретуге - 477,5 млн теңге, жұмыспен қамтуды қолдауға - 216,8 млн теңге жұмсалды.

Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 5,0 пайызға дейін төмендеді. Орташа айлық жалақы 9,3 пайыз болып, 108 243 теңгені құрады.

«Бірінші кезекте жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Ауыл азаматтары мен фермерлерге, кәсіпкерлерге барлық ақпараттарды жеткізу керек. Біздің жұмысымызды қорытындылай келген кездегі алдымызда тұрған басты міндет азаматтардың әлеуметтік жағынан өздерін қолайлы сезінулеріне жағдай жасау, жұмыссыздықты төмендету, тұрғындардың өмір сүру деңгейлерін көтеру болып табылады. Алдыда әлі жарты жыл бар. Биылғы жыл бойына алдыға қойған міндеттерді уақытында, талапқа  сай жүзеге асыру үшін барлығы өздерінің жұмыстарын дұрыс жоспарлаулары керек»,-деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.  

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды