БҚО-да 47,8 мың ШОБ субъектісі тіркелді – әкімдік

31 Шілде, 2015 08:37
Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнес субъектісінің саны 47,8 мың теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Шағын және орта бизнес олыс экономикасына үлкен үлес қосады.

Бүгінгі таңда тіркелген ШОБ субъектісінің саны 47,8 мыңды құрады, оның ішінде 42,4 мыңы әрекеттегілер, ол 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 8,6 пайызға жоғары.

Хабарламада айтылғандай, ШОБ субъектілерінің көбеюі Ақжайық, Бөкейорда, Қаратөбе, Теректі аудандарында  көбейді.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің саны 1,3 пайызға өсіп, осы жылдың бірінші тоқсанында 91,8 мың адамды құрады.

 

 

Барлық жаңалықтар