- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: БҚО-да жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 584,3 млрд теңгені құрады
ИИДМБ: БҚО-да жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 584,3 млрд теңгені құрады
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың мәліметтері бойынша, өндірілген өнім көлемі жыл басынан бері 584,3 млрд теңгені құрады, олардың 520 млрд теңгесі тау-кен индустриясына тиесілі, 42 млрд теңгесі қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесінде.
Индустрияландыру картасы бойынша, облыста құны 308,7 млрд теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылып, 1 мың 890 жұмыс орны ашылды. Жобалардың басым бөлігі 50 пайыздан жоғары жұмыс қуатына шықты.
Екінші бесжылдықта құны 50,8 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Оның нәтижесінде 389 жұмыс орны ашылады. Олардың арасында биылғы жылы құны 48,1 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 143 жұмыс орны ашылады. Жобаларға келетін болсақ, олардың бірі 200 МВт болатын жылу электр жүйесі, қара уылдырық пен тауарлы бекіре өндіру кешені, Бөкейорда ауданындағы сүт өнімдерін шығаратын цех. Сондай-ақ бір жобаны «Конденсат» АҚ-ы жүзеге асырмақшы. Ол экологиялық каластағы К5 моторлы отынын өндіру.
Айта кететін мәселе, «Еуро-5» экология класындағы бензин өндіру жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар еліміздің батыс өңірін сапалы автомобиль бензинімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді