- Басты
- Жаңалықтар
- «Электрондық үкіметтің» жаңа қызметі мекенжай анықтамасын ұсынбауға мүмкіндік береді – ҚР ІІМ
«Электрондық үкіметтің» жаңа қызметі мекенжай анықтамасын ұсынбауға мүмкіндік береді – ҚР ІІМ
Сонымен, порталдың жаңа сервисінің арқасында несиелеуге өтінім беру кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне тұрғылықты жері бойынша мекенжай анықтамасын (басқа да анықтамалар: жылжымайтын мүлікке ауырпалылыққа және тіркелген құқықтардың жоқтығы және бар болуы, некеге тұру және некені бұзу туралы куәлік) ұсынудың қажеттілігі жоқ.
Барлық осы мәліметтерді банк клиенттің келісімімен SMS-растау арқылы бір реттік парольмен сұрау салу бойынша ала алады, егер Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкінің клиенті Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болса (банк деректерді ұсынуға сұрау салуды жібергеннен кейін клиентке банк оған қатысты нақты мәліметтер алғысы келетіндігі туралы SMS-хабарлама келеді, клиент «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс). Бір SMS-хабарламаның бағасы – 7 теңге.
Екінші нұсқада – ескерту арқылы, клиенттің egov.kz порталындағы жеке кабинетіне келеді, клиент деректерді беруді растайды не бас тартады.
Осы ақпараттық жүйеледің өзара іс-қимыл жасасуы құжаттарды ұсыну уақытын үнемдейтінін, сондай-ақ банк қызметкерлері банк жүйесіне клиенттің дербес деректерін енгізу кезінде қате операциялар жасау қаупін азайтатынын атап өту қажет.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді