- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Талдықорғандағы аккумулятор зауыты ТМД елдерінің нарықтарын өз өнімдерімен қамтамасыз ете алады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ИИДМБ: Талдықорғандағы аккумулятор зауыты ТМД елдерінің нарықтарын өз өнімдерімен қамтамасыз ете алады (ФОТОРЕПОРТАЖ)


«Қайнар-АҚБ» компаниясы аяқталған цикалды аккумуляторлық батареялар өндірісінің зауыты, батареяның бөлшектерін құю мен ол жинақталғанша өтуі тиіс үдерістердің барлығы осы жерде атқарылады. ИИДМБ-ның құралдарын тиімді пайдалана отырып, екінші деңгейлі банктерден пайыздық ставканы субсидиялау, инновациялық технологияларға деген гранттар, сыртқа шығарылатын өнімдердің шығындарын өндіру, заманған сай басқарушылық технологияларды енгізу шығындарын қайтару мүмкіндіктерін пайдаланады»,-деді «NADLoC» өкілдері.



Агенттік өкілдері «Қайнар-АҚБ» серіктестігінің технологияларды жетілдіріп, мемлекеттік қолдаудың арқасында өндіріс көлемін 2,5 есеге арттырғандығын жеткізді. «Кәсіпорынға салынған инвестицилардың көлемі 2012 жылы - 672,2 млн теңгені, 2013 жылы – 1648,6 млн теңгені, 2014 жылы -177,5 млн теңгені құрады. 2015 жылы 82,9 млн теңге салу жоспарланып отыр. 2014 жылы онда қызмет ететін азаматтар саны 780 адамды құрады»,-делінген «NADLoC» хабарламасында.


Бұған қоса, компания өзіне қажетті сегементтердің рейтингін жасап, мақсатты өңірлер мен салаларда өзінің сауда-саяттық саясатын құрды. Компания қызметінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті экспортқа негізделген өнім шығару болғандықтан, Украина мен Беларусь елінде «Қайнар» аккумуляторлары Еуропада шығарылған аккумуляторлармен бәсекелесе алады. Ал мұндай аккумуляторлар шығару жағынан Германия, АҚШ, Жапония сияқты мемлекеттер көшбасшы болып табылады.
«Барлық автомобильдердің олардың қажеттіліктерін ескере отырып, дәрежелері мен автоиеленушілердің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстың бастапқы кезеңінде басымдыққа ие тауар сегменттері анықталып алынған»,-делінген агенттік хабарламасында.



Сонымен қатар, компания нарыққа кең ауқымда тауарлар түрін шығарды. «Қайнар» бүгінде тек Қазақстаннның ғана емес, ТМД мемлекеттерінің де нарықтарын қамтамасыз етуге қауқарлы.
«Дәстүрлі сауда нарығымен қатар, алыс шет мемлекеттердегі Польша, Балтық жағалауы елдері мен Иран мемлекеті біздің тауарымызды тұтынушылардың бірі болып отыр. Болашақта тауарды Қытайға жеткізу жоспарлануда, біздің өнімімізге БАӘ мен Парсы шығанағының өзге де елдері қызығушылық танытып отыр»,-дейді «NADLoC» өкілдері.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген