- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов шетелдік БАҚ-қа Алматыда қысқы Олимпиада-2022 өткізу туралы өтінішін түсіндірді (ФОТО)
А.Есімов шетелдік БАҚ-қа Алматыда қысқы Олимпиада-2022 өткізу туралы өтінішін түсіндірді (ФОТО)
Бұл үміткер қала әкімінің баспасөз алдына алғашқы шығуы. Бір күн бұрын Есімов ХОК мүшелерімен және Куала-Лумпурдың ресми делегациясымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Есімовтың баспасөз конференциясы белсенді диалог режимінде өтті. Шетелдік медиа өкілдері Қазақстан мен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, журналистер Алматы жеңіске жеткен жағдайда Олимпиада-2022 өткізуге қандай дайындықтар жүргізіп жатқанына қызығушылық білдірді. Есімовке қаланың бес жылдан кейінгі даму көрінісі мен Олимпиаданы өткізуге деген қаланың даму жоспарын суреттеп беру ұсынылды.
«Егер біздің Олимпиада өткізуге берген алғашқы өтінішімізді еске алатын болсақ, осы мерзім аралығында қаланың экономикасы екі есе артты, инфрақұрылымдары жақсарып, спорт және мәдениет нысандары жетілдірілді. Бүгінде Алматы еліміздің экономикалық орталығы болып табылады және республикалық бюджеттің басым бөлігін жасақтайды, қаланың ЖІӨ көлемі дағдарысқа қарамастан кейбір көршілеріміздікінен асып жығылады. Алматы тұрақты дамуды көрсетіп отыр. Өткен жылда индекс көлемі 1,7%-ға, 2015 жылдың бірінші тоқсанында шаһардың экономикасы 8%-ға артты. 2011 жылы біз Азия ойындарын өткіздік, жаңа спорт нысандарын салып, кейбіреулерін жаңарттық. Бұл нысандар жақсы жұмыс істеуде және спортпен шұғылданатындар саны да едәуір артты. Қаланың көлік инфрақұрылымын жақсарттық, метроны іске қосып, 20%-ға қала экологиясын жақсарта алдық. Егір біздің үмітіміз ақталса онда ол Алматы мен Қазақстанның дамуына үлкен серпін берер даусыз», - деді мегаполис басшысы.
Бұдан басқа, баспасөз конференциясында А.Есімов 2022 үміткер қалалардың басым бөлігі шығын көлемінің өте көп болғандықтан өз кандидатурасын алып тастағанын атап өтті. «Сондықтанда күнтәртібіндегі басты мәселе Ойындарды өткізуге аз шығындану. ХОК бағалауында Алматыда спорт нысандарының 70% бар, онда түрлі деңгейдегі жарыстар өткізілген. ӘЧ бастап түрлі ойындарға дейін. Мысалы, 2015 жылы коньки спортынан ӘЧ өтті. Яғни, бізде спорт нысандарының 70% дайын. Бүгінде біз Универсиада 2017 өткізуге дайындалып жатырмыз, яғни 2017 жылдың басына қарай Олимпиада 2022 өткізуге қажет спорт нысандарымыздың саны 80% құрайтын болады. Біз ХОК Күн тәртібі 2020 талаптарына толығымен жауап береміз», - деп түсіндірді Алматы әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада-2022 қожайын-қаласы ХОК мүшелерінің дауыс беруінен кейін 31 шілде де жарияланатын болады. Ал, бүгін 30 шілдеді Алматы мен Пекин қалалары өздерін таныстырады.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды