- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Германияның ең ірі құрылыс жинақ кассасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Германияның ең ірі құрылыс жинақ кассасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады
Айта кетерлік жайт, осы екі ірі банктің арасындағы бұл келісім екі жаққа да тиімді тәжірибе алмасуға және еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуына ықпал ететін болады.
«Ұдайы жетілдіріп отыру, ең жақсы халықаралық тәжірибені алып, Қазақстанға енгізу, тәжірибесі мол қызметкерлерді тарту – басты міндет. «Нұр Отан» партиясының XVI құрылтайында Мемлекет басшысы осындай тапсырма берді. Біз даму жолымен жүріп келеміз. Ел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолжетімді тетіктерін ұсынамыз. Отбасының және балаларының болашағына сеніммен қарау, баспаналы болу секілді адамның ең басты қажеттіліктеріне қол жеткізуіне көмектесеміз», – деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Алина Алдамберген неміс әріптестерімен кездесу кезінде.
Естеріңізге сала кетейік, Баушпаркассе Швебишь Халльдің 80 жылдық тәжірибесі бар. Ол осы уақыт ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін ілгері дамытты. Бұл жүйе Германияға ең маңызды әлеуметтік мәселе - азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге жәрдемдесіп келеді. Сонымен қатар, өзінің тұрақтылығын бірнеше мәрте нақты дәлелдеп берген. Инфляция және дағдарыс кезінде де қайраңдап қалмай, керісінше, ширыға, ысыла түскен.
Қазақстан осы жүйені жүзеге асыруда Еуропаның тәжірибесін алған посткеңестік кеңістегі алғашқы мемлекет болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмыс жасаған 12 жыл ішінде жүйеден бірде бір кілтипан көрінген жоқ. Осы уақыт ішінде Банк салымшыларының саны 760 000 мыңнан асып жығылды. Сауалнама қорытындысы бойынша, былтыр ҚТҚЖБ-ға деген сенім дәрежесі 80%-ды көрсетіп берді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ашылғалы бері 401 434 млн. теңгеге, 92 мың салымшыға тұрғын үй мәселесін шешуге қолғабысын тигізген.
2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша, Банк екінші деңгейлі банктер арасында ұзақ мерзімді салымдар бойынша бірінші орында тұр. Клиенттерінің депозиттік базасы – 272,7 миллиард теңге.
5 айдың қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердің құрылысқа және тұрғын үй алуға берген кредит нарығындағы ҚТҚЖБ-нің үлесі 75%-ға жетті ( 2014 жылы - 33%).
Қазақ және неміс әріптестері арасындағы меморандум тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін әрі қарай жетілдіре түсуге жаңа мүмкіндік бермек.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары