- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ХОК-нің 128-ші сессиясы қарсаңында халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ХОК-нің 128-ші сессиясы қарсаңында халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті
Естеріңізге салсақ, 31 шілдеде Малайзия астанасында Халықаралық олимпиада комитеті өзінің кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы анықтайды. Олимпиада өткізуге Алматы және Пекин үміткер.
Қазақстанда қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің жалпы көрінісі мен бірегейлігіне қатысты сауалға жауап берген Кәрім Мәсімов Алматы – биіктігі 4000 метр, шын қары бар таулармен қоршалған қысқы спорт түрлеріне арналған қала екендігін айтып өтті. Оған қоса, Алматыда жинақы орналасқан қажетті спорттық нысандардың 70%-ы бар, ол Тәртіп-2020-ға толық сәйкес келетін үнемді және тұрақты көріністі ұсынады.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері қала инфрақұрылымын дамыту, автокөлік жолдарын жаңғырту және кеңейтуге қатысты сауалдар қойды.
Кәрім Мәсімов Алматыда қысқы Олимпиада өткізу Ойындардан тәуелсіз жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларға катализатор болатынын баса айтты.
Оның айтуынша, Алматы-2022 тұжырымдамасы ең жинақы болып табылады, барлық нысандар Олимпиада ауылынан 30 км радиуста, орташа алғанда 30-45 минуттық жолда орналасқан. Олар Олимпиада ауылының айналасында «жұлдыз» бейнесінде алты түрлі бағытта орналасады, бұл көлік ағымдарын бөлуге, сәйкесінше қозғалыс қиындығынан құтылуға мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, кездесу барысында Ойындарды қаржыландыруға, қоршаған орта жағдайын жақсартуға қатысты және басқа да мәселелер қозғалды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы