- Басты
- Жаңалықтар
- «Жасыл экономика үшін» коалициясы бүкіл әлемнен ЭКСПО-2017 арнап үздік туындыларды жинастырады
«Жасыл экономика үшін» коалициясы бүкіл әлемнен ЭКСПО-2017 арнап үздік туындыларды жинастырады
«Коалиция мен «ҚазАльянс» серіктестігі аясында «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша бірлескен Жол картасын және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын (ЖКСБ) жасақтамақшы. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауды және «Green Bridge» халықаралық ұйымын құруды көздеп отыр», деді С. Рахымбекова.
Оның айтуынша, ЖКСБ әлем бойынша жалғыз заңды экологиялық бастама болып табылады, ол барлық мемлекеттермен мақұлданған және ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттау алаңы болып табылады.
Осы ретте, «G-Global «жасыл» экономика және даму» коалициясы «ҚазАльянс» бірлестігімен бірлесіп «Green Bridge» халықаралық ұйымын құрмақшы, оның міндетіне ЭКСПО-2017 үшін күллі әлемнен үздік идеялар мен технологияларды, өнертабыстарын жинастыру кіреді.
«2015 жылдың соңына дейін Green Bridge әлеуетті серіктестерімен бірлесіп халықаралық инновациялар, жобалар мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер байқауы «Тұрақты планета үшін болашақ энергиясы» сайысын өткізуді жоспарап отыр», деді С. Рахымбекова.
Сонымен, байқау нәтижелерін 2017 жылы ЭКСПО көрмесінде жариялау жоспарланған.
С. Рахымбекова атап өткендей, Green Bridge-де әлеуметтік келісімдерді жасау үшін G-Global-да келіссөз өткізу алаңы жасақталады.
«Бұл келісімдер нормативті-құқықтық, білім мен ақпараттық қолдау негізінде инновацияны таратуды жылдамдатуға бағытталады», деп түйді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру