- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 160 том кітап шықты
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 160 том кітап шықты
«Тарихты зерттеу ежелгі қолжазбалар мен кітаптарға жүгіну, кітапханалардағы жазба жәдігерлермен ықтиятты және талдымсыз жұмыссыз мүмкін емес. Бүгін Қазақстанда кітапхана ісінің дамуына, кітапханалардың жұмысы мен техникалық жабдықтануының жетілдірілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық кітапханалар елдің мәдени және қоғамдық өміріне, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыру үрдісіне белсенді қатысады», - деді ол.
Сонымен қатар, Әлібек Асқаровтың хабарлауынша, Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде 160 том кітап 350 мыңдай тиражбен жарық көріп, 5 мыңға тарта алуан түрлі құнды құжаттар елімізге жеткізілді.
Кез келген халықтың, оның ішінде қазақ халқының да тарихы және мәдениеті іргелес халықтардың тарихымен тығыз байланысты және сол халықтармен әрекеттес һәм әсерлес дамыды. Бақтияр Қожахметов өз сөзінде тоқталып өткендей, архиологиялық табыстар мен тарихи ескерткіштер еуразиялық кеңістіктегі түрлі халықтардың қарым-қатынастары туралы баяндайды.
«Алматыдағы Ұлттық кітапхана Қазақ хандығының мерейтойы мен «Мәңгілік ел» патриоттық жобасына байланысты алуан түрлі іс-шараларды өткізіп келеді. Мысалы, Қазақ хандығының мерейтойына орай Кітапхана өз оқырмандарына қаңтар айынан бері үлкен кітап көрмесін ұсынып отыр. Бұл ашық кітап көрмесіне үш мыңның үстінде қолжазбалар, кітаптар мен сирек тарихи құжаттар қойылған», - деді Ұлттық кітапхананың директоры Ә. Асқаров.
Анар Тәңірқұлова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді